Құрметті ұстаздар !
Қызылорда қалалық мәслихаты атынан Сіздерді төл мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, Сіздердің еңбектеріңіз – елдің ертеңі мен болашағының кепілі. Өйткені ұстаз – жас ұрпаққа білім мен тәрбиенің дәнін сеуіп қана қоймай, олардың жүрегіне мейірім ұялатып, өмірге деген сенімін арттыратын асыл тұлға.
«Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі» деген қанатты сөз бар. Шәкірт жүрегінен орын алып, олардың арман-мақсатына жол ашу – Сіздердің табанды еңбектеріңіздің нәтижесі. Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің өркендеуіне, қоғамымыздың дамуына қосып отырған өлшеусіз үлестеріңіз үшін зор ризашылығымызды білдіреміз.
Осы мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз. Шәкірттеріңіздің жетістігі мен жеңісіне молынан кенеліп, абыройларыңыз арта берсін.
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қалалық мәслихаты