Депутат тұрғындармен кездесті

Депутат тұрғындармен кездесті
№15 сайлау округінен сайланған депутат Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы өз округіне қарасты Шұғыла мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
- Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан «Көмекбай Қаракөзов» атындағы №235 мектеп гимназиясы жанынан өтетін кварталаралық көшені кешкі жарықтандыру;
- №15 көпқабатты тұрғын үйде өткен жылу беру маусымында үйдің жоғарғы қабаттарында жылу болмауына байланысты, биылғы жылу беру маусымында алдын алу жұмыстарын жүргізу;
- Пәтер иелері кооперативінің күтіп-ұстау жұмыстарына көңілдері толмайтындығы;
- №17 көпқабатты тұрғын үйдің 1-ші подьезінің кіре берісіндегі есікті жаңалау, көше беттегі дүкен орналасқан жақтың аула бетіндегі есігін жабу т.б мәселелер.
Депутат тарапынан тұрғындардың өтініші бойынша құзырлы мекемелерге арнайы депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешімін табуына жұмыстар жасалынатындығын жеткізді.