№ 3 сайлау округінен сайланған депутат Сыздықов Бахтияр Нұрділдаұлы өз округіне қарасты №1-ші және №2-ші М.Қаржаубаев және М.Дулатов көшелері тұрғындарымен кездесті.
Тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді:
- №1-ші және 2-ші М.Қаржаубаев пен М.Дулатов көшелерін кешкі жарықтандыру;
- №1-ші және 2-ші М.Қаржаубаев көшелерінің жолын (2009 жылы салынған) қайта жаңғырту;
- М.Қаржаубаев көшесінде орналасқан (№120 орта мектеп тұсы) балалар ойын алаңының жолға жақын орналасуына байланысты қоршау жұмыстарын жүргізу;
- М.Дулатов көшесіне санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу;
- Қаңғыбас иттерді аулау;
- Қосымша қоғамдық көлік бөлу мәселесі.
Депутат Б.Сыздықов құзырлы мекемелерге депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасайтындығын жеткізді.