Құрметті ардагерлер!

Құрметті ардагерлер!
Сіздерді Қызылорда қалалық мәслихаты атынан қариялар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деп өсиет еткен қазақ қашанда қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Бүгінде әр шаңырақта ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерді көрудің өзі бір ғанибет.
Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәлімі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.
«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаса керек. Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық, имандылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер.
Құрметті ардагер ағалар мен аналар!
Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Ақылы – дария, білімі – теңіз, өмірлік тәжірибесі мол қариялардан тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз Сіздер бастаған игілікті істерді жалғастыруда.
Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін! Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын, аманшылықта болыңыздар!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қалалық мәслихаты