Депутаттар тұрғындармен қабылдау өткізді.

Депутаттар тұрғындармен  қабылдау өткізді.
2025 жылдың 2-5 қырқүйек аралығында тұрғындарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары М.Әбдіқалықов, М.Есжанов, Р.Ізтілеуов, Н.Тұрғанбаев қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді:
- «Жаңа ауыл» тұрғын ауданына кәріз су жүргізу, емхана салу;
- Ж. Маханбетов ауылы, Ақмырзаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу, түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүргізу;
- «Саяхат» тұрғын ауданы, Мәмбет Аталық Бұлғақұлы көшесін асфальттау;
- «Гагарин» тұрғын ауданы, Жиенбай жырау көшесіне кешкі жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.
Депутаттар қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.