Депутат Б.Төлеген өз округіне қарасты тұрғындармен кездесті.

Депутат Б.Төлеген өз округіне қарасты тұрғындармен кездесті.
№ 10 сайлау округінен сайланған депутат Төлеген Бауыржан Төлегенұлы өз округіне қарасты, «Мерей» мөлтек ауданы аумағында орналасқан Ә.Ыдырысов тұйығының тұрғындарымен кездесті.
   Кездесу барысында тұрғындар жолды асфальттау, кешкі жарықтандыру жұмыстарының жүргізілуіне ықпал жасауды сұрады.
   Депутат өз тарапынан тиісті мекемелермен көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.