Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы И.Құттықожаев жоспарға сәйкес жеке қабылдауын өткізіп, тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға келген Б.Ильясов құмар ойындары кезінде жоғалтқан ақшаларын қолданыстағы Заңға сәйкес қайтару жолдары туралы мәселе көтеріп, көмек сұрады.
Қала тұрғыны Д.Исмаилова Әл-Фараби көшесіне параллель орналасқан 7 көшені асфальттау, жарықтандыру және осы аймаққа ойын алаңын салу, осы көшенің қоқыс мәселесін шешуге қатысты өтініштерін білдірді.
Сонымен қатар, қабылдау барысында қала тұрғыны З.Туманов өзі тұрып жатқан көше Жиенбай жырау көшесін жарықтандыру мәселесін шешуді сұрады.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелерге қатысты мәслихат төрағасы шешілу жолдары бойынша бағыт-бағдарын, Заңға сәйкес түсіндірмесін берді.
Сонымен қатар, коммуналдық мәселелерге қатысты тиісті мекемелерге шешілуі бойынша хаттар жолданып, атқарылған жұмыстар туралы қосымша хабарлатынын жеткізілді.