Депутат Еркебаев Бауыржан Еркебайұлы тұрғындармен кездесті

Депутат Еркебаев Бауыржан Еркебайұлы тұрғындармен кездесті

№20 сайлау округінен сайланған депутат Еркебаев Бауыржан Еркебайұлы өз округіне қарасты «Эдельвейс», «Орбита» саяжайларының тұрғындарымен кездесіп, туындаған мәселелерді аралап көрді.

             Кездесу барысында тұрғындар жол, газдандыру мәселелерін көтерді.

            Сонымен бірге, саяжай жанынан өтетін  №24 қоғамдық көліктіің саяжайдың орта тұсына дейін кіріп, айналып өтуіне ықпал жасауды сұрады.

            Депутат тарапынан тұрғындардың өтініштеріндегі газдандыру және жол мәселесінің бюджеттің мүмкіндігіне орай жүргізілетіндігіне  түсіндірме берді.

             Ал, аралау барысында   қоғамдық көлікті саяжайға кіргізу үшін қажетті жол жөндеу жұмыстарына көп қаражаттың қажет етпейтіндігіне байланысты, депутат өз тарапынан құзырлы мекемелермен бірлесіп шешімін табуына барынша жұмыс жасалатындығын жеткізді.