Қалалық мәслихат депутаттары жылу нысандарымен танысты

Қалалық мәслихат депутаттары жылу нысандарымен танысты

      Қалалық мәслихат депутаттары И.Басықараев, М.Есжанов, Р.Ізтілеуов «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның қайта жаңғыртылған және жаңартылған нысандарымен танысты.

       Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша 199 шақырым жылу желілері бар. Оның ішінде 36 шақырымы магистралдық, 163 шақырымы кварталаралық  жылу желілері.

        Мекеме өз қаражаты есебінен 109,3 млн.теңгеге негізгі және қосалқы жабдықтарға жөндеу жұмыстарымен қатар, жалпы ұзындығы 2,7 шақырымды құрайтын әртүрлі диаметрдегі кварталаралық жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         Бюджет есебінен 5858,3 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 9,3 шақырым магистральдық жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

          Алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары қалалық мәслихат депутаттарының  тұрақты бақылауында болады.