2025 жылдың 25-29 тамыз аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Д.Абизов, Ж.Жарасбаев, А.Мұсабаева, Б.Сыздықов, Б.Еркебаев, Е.Базарбай тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және басқа да мәселелер көтерілді.
- Қоғамдық көлікке қатысты, нақты айтқанда ескі базар аумағында қоғамдық көліктер көп аялдап, жолаушылардың уақытын жоғалтатындығы;
- «Сырдария» мөлтек ауданындағы Мамыр көшесіне кешкі жарық бағаналарын орнату;
- Бәкіров тұйығын асфальттау (Нұр мешіті жаны);
- Дулатов көшесіне кешкі жарық бағаналарын орнату;
- «Эдельвейс», «Орбита» саяжайларын газдандыру, жол, кешкі жарықтандыру, қоғамдық көлікті саяжай арқылы жүргізу;
- Жұмысқа орналастыру мәселесі.
Депутаттар қабылдау барысында көтерілген мәселелерге қатысты қолданыстағы Заңға сәйкес түсіндірмелер беріп, құзырлы органдар арқылы шешілетін мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.