Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

 

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

 

Сіздерді 1-қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Білім – баға жетпес рухани байлық, ғылымның іргетасы, мемлекет дамуының алтын арқауы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде «Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды – жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі», – деп жаһандану дәуірінде білімді ұрпақты жарқын болашақ күтетінін айқын жеткізген болатын.

Ұлтымыздың ұлы перзенті, күллі қазаққа ұстаз болған дана Абай «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен.

Бүгінде елімізде, оның ішінде Сыр өңірінде де өскелең ұрпақтың сапалы білім мен тәрбие алуына, жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалуда. «Жайлы мектеп», «Физика-математика мектеп-интернаты», «Сыр – жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Оқушылар сарайы» тағы басқа жаңа құрылыс нысандарының салынып, іске қосылуы соның айғағы. Бұл болашақта озық ойлы, өрісі кең, азаматтар қатарының артуына серпін береді.

Баршаңызды білім күнімен құттықтай отырып, оқушыларға - толағай табыс, ұстаздарға - мол қажыр-қайрат, ата-аналарға сенім мен шыдам тілейміз.

 

 

Қызылорда қалалық мәслихаты