№17 округтен сайланған депутат Ысқақова Раушан Жәдігерқызы бүгін «Арай» тұрғын ауданындағы 1500 орындық «Жайлы мектеп» құрылысының жұмысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, мектеп асханасындағы жабдықталып жатқан тағам әзірлеуге арналған құралдарға қатысты депутат тарапынан бірқатар ұсыныстар беріліп, назарға алуды сұрады. Жалпы, мектептің жаңа оқу жылына дайын екендігі байқалды.