2025 жылдың 11-15 тамыз күндері аралығында азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдау кестесіне сәйкес, қалалық мәслихат депутаттары М.Әбдіқалықов, Р.Ысқақова, Н.Тұрғанбаев, Ә.Әбләзім, Б.Төлеген, Т.Мақаш және Ә.Мампаев тұрғындарды қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан төмендегідей мәселелер көтерілді:
- Әль-Фараби тұрғын ауданы, Жұлдыз көшесіне кешкі жарық шамдарын орнату;
- Мемлекеттен тұрғын үй алу;
- Тұрақты жұмысқа орналасу;
- Байтерек мөлтек ауданының ауыз су, кәріз су құбырларын жүргізу;
- Хон-Бен-До көшесіне қосымша аялдама орнату;
- Ыдырысов тұйығындағы көп жылғы қураған талдарды кесу;
- Ақмешіт, Мерей мөлтек аудандарының аяқ су мәселесі.
Депутаттар тарапынан, өтініштері байланысты құзырлы органдарға депутатық сауалдар жолданып, олардың шешілуі бақылауда болатындығын жеткізді.