2025 жылдың тамыз айындағы қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Қабылдау барысында жалғыз басты ана М.Нұрмаханова студент баласының оқу ақысына жеңілдіктер қарастыру туралы мәселе көтерсе, Ақжарма ауылдық округінің тұрғыны Ж.Демеубаев жер үлестіру мәселесін көтеріп, тиісті мекемелерді қатыстыра отырып, жиналыс өткізу туралы ұсынысын білдірді.
Тоқмағамбетов көшесі № 22 үйдің тұрғыны Р.Сафронова тұрғын үйдің сыртқы келбетін жөндеу, шатыр, ішкі подъездердегі кафельдерді қайта жабыстыру туралы мәселелер көтерді.
Сонымен қатар, қабылдауға келген I-топ мүгедегі, жеке кәсіпкер М.Шуетов қалалық демалыс паркіндегі күрделі жөндеуден кейін кәсібін жалғастыру туралы өтінішін білдіріп, көмек сұрады.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелерге қатысты мәслихат төрағасы шешілу жолдары бойынша бағыт-бағдарын, Заңға сәйкес түсіндірмесін берді.
Қосымша нақтылауды қажет ететін мәселелер бойынша құзырлы органдарға хаттар жолданып, жұмыс жасалып, қорытындысы қосымша хабарланатынын жеткізді.