Бүгін қалалық мәслихат депутаттары М.Есжанов және Б.Төлеген Қызылорда қаласы, Толыбекова, 2Б тұрғыны В.Ивановтан келіп түскен арыз-шағымына байланысты көшпелі кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жауапты өкілдері шақырылды.
Арызда көтерілген Сүлейменов көшесі бойындағы тротуарды тұрғын жеке үйі тұсынан шамамен 80 см-ге көтеріп, жүргіншілерге қолайсыз жағдай туындағаны анықталды.
Аталған мәселе бойынша тұрғындар тарапынан 2023 жылдан бері тиісті мекемелерге хаттар жолдағанымен, шешімі табылмай келген.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша депутаттар тарапынан тұрғын үй иесіне нақты тапсырмалар беріліп, олқылықтарды жоюға қатысты шаралар қабылдау жүктелді. Кемшіліктерді түзету мерзімі нақтыланып, тиісті органдармен бірлесе отырып, бұл мәселе тұрақты бақылауға алынды.