2025 жылдың маусым айының 16 - 27 күндері аралығы қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев бірқатар тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Қабылдау барысында Ж.Шанин көшесі тұрғыны А.Бисен Әл-Фараби тұрғын ауданындағы ауыз су, жол және электр бағаналарының тозығы жетуі мәселелерін көтерді.
Зейнеткер, І-ші топ мүгедегі, 30 - жылдай Қызылорда қаласының экономикасы мен саяси өсіп-өркендеуіне үлес қосып, қала бойынша 10 шақты ғимараттардың кірпішін қалаған құрылысшы-инженер Қ.Алдамжаров «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» марапатын алуға ниетін білдірді.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Отырар көшесі, №35 үй тұрғыны, энергетика саласының ардагері А.Мырзабек ұзақ жылдар бойы қаланың өсіп-өркендеуіне үлес қосқанын, қазір тиісті орындардан жеткілікті өзіне мән берілмейтінін, ел қатарлы тиісті қолдаулар, марапаттар болып отырса орынды ғой, деп өз ойын білдірді.
И.Құттықожаев қабылдау барысында көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатынын, атқарылған жұмыстар бойынша қосымша хабарланатынын жеткізді.