Қабылдау барысында көп балалы ана С.Ералиева тұрмыс жағдайына байланысты пәтер жалдауға мүмкіндігі болмай тұрғанын айтып, уақытша баспанамен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарауды сұрады.
Сонымен қатар, қабылдауда тұрғындар тарапынан тұрғын үй, қала инфрақұрылымына қатысты мәселелер, «Арай-3» мөлтек ауданындағы №54, №56 көпқабатты тұрғын үйлердің ортасындағы су ұңғымасын іске қосу, «Бал-Нұр» балабақшасына берілетін дотацияның тоқтап қалу мәселелерін және Қызылорда қаласы, Сағынбаева №116 үй тұрғыны Қ.Бажкенова жалға алынған жерге айыппұл салу туралы шағымын жеткізді.
И.Құттықожаев қабылдау барысында көтерілген мәселелерге зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында құзырлы мекемелерге хаттар жолданып, атқарылған жұмыстар бойынша қосымша хабарланатынын жеткізді.
Бүгінгі күнге, «Арай-3» мөлтек ауданындағы су ұңғымасы іске қосылып, аяқ су мәселесі шешіліп, саялы ағаштарға су беріле бастады.