ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 39-СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
Бүгін, 4 маусым күні қалалық мәслихаттың кезектен тыс 39-сессиясы өтті.
Сессияға қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласына қарасы кент және ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту туралы», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау жөніндегі ұсыныстарды енгізу туралы» мәселелері шығарылып, талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Тажмаханов хабарлама жасады.
Бюджет жобасына сәйкес, елді-мекендерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу, жарықтандыру, көшелерге жол белгілерін орнатуға және жол таңбаларын сызу жұмыстары және басқа да жұмыстарға қаржылар бағытталды.
Сессия жұмысы «Youtube» платформасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.