2025 жылдың 26-30 мамыры аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Б.Кәрімова, М.Әбдіқалықов, А.Төлегенова, А.Мұсабаева, М.Бисенова, Б.Төлеген, Е.Нұртазаев қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан бірқатар қаланың коммуналдық саласына қатысты және тағы да басқа мәселелер көтерілді:
- Жұмабаев көшесі бойындағы жол белгілеріне өзгеріс енгізу;
- Жанқожа батыр көшесі бойынан салынып жатқан жерасты көпірі жұмысы;
- Кіші бизнес құрылымын ашуға қатысты грант мәселесі;
- Арендалық пәтер алу;
- Қазақ соқырлар қоғамы бірлестігінің клубын жалға беру;
- Бұқарбай батыр көшесі №58 көпқабатты тұрғын үй аулаішілік жолдарын жөндеу;
- Ақмешіт мөлтек ауданы №30 көпқабатты тұрғын үйдің өжіресін құрғату;
- И.Тайманов көшесі №1 көппәтерлі тұрғын үй аумағында орналасқан қоқыс жәшіктерінің орнын ауыстыру;
Депутаттар қабылдау барысындағы көтерілген мәселелер бойынша құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.