ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХХХVІІІ-СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХХХVІІІ-СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХХХVІІІ-СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
Бүгін, 28 мамыр күні қалалық мәслихаттың кезекті ХХХVІІІ сессиясы өтті.
Сессияға қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібінде ««2024 жылға арналған Қызылорда қаласының, кент және ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы», «2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелері шығарылып, талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі С.Мырзабек хабарлама жасап, депутаттардың көтерген мәселелеріне жауап берді.
Сессияда қалалық бюджетке өзгерістер енгізу барысында облыстық 35 млрд тг. жуық қаржылар тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдау, қаланың коммуналдық-шаруашылық салаларына бағытталды.
Атап айтқанда,
- Қызылорда қаласында ағын суларды биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру;
-Сабалақ елді мекеніне су қоймасының құрылысы;
- Қызылорда қаласындағы қалып қойған аймақтарға орамішілік газ құбырлары желісін салу;
- Шатыры ескірген тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу;
- Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыруға, балалар ойын алаңдарын орнату;
- Осал топтарға сатып алынған үйлердің абаттандыру жұмыстары;
- қала көшелерін күрделі жөндеу;
- Қаладағы тұрғын аудандары мен көшелерін күтіп ұстау;
- 2023 жылдан басталған Қызылорда қаласының бас жоспары аяқтау;
- Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Қызылөзек, Қарауылтөбе ауылдық округтеріне бейіт құрылысы, жол, жарықтандыру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету;
-ауыз су жүйелерін салу;
- Қызылорда қаласы бойынша созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен сырқаттанатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды гемодиализ орталықтарына тасымалдауды жүзеге асыру мақсатында қосымша 10 инватакси қызметін ұйымдастыру және басқа да маңызды жобаларға қаржы бағытталды.
Сессияға қатысқан қала әкімі Н.Ахатов: «Жыл басында бекітілген бюджетпен салыстырғанда қала бюджеті 182,4 пайызға ұлғайып отыр. Өз кезегінде салық базасын ұлғайтып, кірістерді арттыру бағытында жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесімен, жоспардан бөлек 1,0 млрд. теңгеге жуық түсім түсіріліп, жыл аяғына дейін 2 млрд. теңге түсім күтілуде.
Қаржы көлемін ұлғайту мақсатында кәсіпкерлік және жылжымайтын мүлік нысандарына қайта бағалау жүргізіп, жер және мүліктердің нысаналық мақсаттарын кәсіпкерлікке ауыстыру шаралары секілді жұмыстардың негізінде жүзеге асуда.
Бұдан бөлек, арнайы комиссия құрылып, бюджеттің тиімсіз жұмсалып жатқан қаржыларына талдау нәтижесінде қаражаттар үнемделіп отырғандығын» атап өтті.
Сессия қарауына шығарылған мәселелерді қарау барысында депутаттар тарапынан: мәслихат төрағасы И.Құттықожаев Қызылжарма ауылындағы мектеп және емхана аумағындағы жолдарды жөндеу, депутат А.Төлегенова: бірқатар қалалық дербес бөлімдер мен кент және ауылдық округ әкімдіктері тарапынан қаржылардың игерілмеу себептері, депутат Р. Ысқақова: «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатының толығымен иегерілмеуі, депутат Р.Ізтілеуов: квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бөлінген бюджет қаражатын толық игермеулерінің себебі, мердігер мекемелер тарапынан соттардың шешімдері арқылы орындалған жұмыс актілеріне сәйкес қаражатты өндіріп алуы, депутат М.Әбдіқалықов: жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысымен анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджет кірісіне өтелуі барысы, Әл Фараби тұрғын ауданындағы мектепке апаратын жолдардың құрылысын салу, депутат И.Басықараев: квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан бюджеттік кредиттерді бюджетке өтемеуі, депутат А. Мұсабаева: Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлауда құрылыс ұзақтығы ескерілмеу салдарынан жобалардың аяқталмауы, депутат Ә.Әбләзім: Бәйтерек тұрғын ауданына емхана салу туралы мәселелер көтерді.
Сессия отырысына қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары Д.Тұрсынбаев, Б.Омаров, Қ. Қарымсақов, қала әкімі аппаратының басшысы М.Тасқараев, қалалық кірістер басқармасының басшысы Ф.Қожабергенов, құқық қорғау органдары, қалалық дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия қарауына шығарылған барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысы «Youtube» (ютуб) арнасы арқылы тікелей эфирден көрсетілді.