Биылғы жылғы 27 мамыр күні қалалық мәслихат депутаттары Д.Абизов, А.Төлегенова, М.Бисенова, қалалық "Аманат" партиясы атқарушы хатшысы Г.Мұсаева, білім беру ұйымдарының жауапты өкілдері, бірнеше қоғамдық ұйым жетекшілерімен бірге, «Қазақстан-балалары» бағдарламасы аясында «Белсенді жастар-болашақ кепілі» тақырыбында қала мектептерінің белсенді-оқушыларымен ашық алаң кездесуін өткізді.
Кездесуге қалалық мәслихат депутаты, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп директоры А.Мұсабаева төрағалық етті.
Кездесудің мақсаты депутаттар және аймақтың белсенді жастары мен оқушылар арасында байланыс орнату, жастардың көшбасшылық қабілетін дамыту, қоғамдық белсенділікке баулу, тікелей пікір алмасу алаңын қалыптастыру болып табылады.
Кездесу барысында депутаттармен оқушылар бірлесе постерлер, бірнеше маңызды тақырыптар бойынша жобалық жұмыстар қорғады. Депутаттармен, қоғамдық ұйым жетекшілерімен еркін – пікір алмасу болды.
Кездесуде белсенділік көрсеткен оқушылар мәслихат төрағасы И.Құттықожаевтың Алғыс хатымен марапатталды.