2025 жылдың 19-23 мамыр аралығында азаматтарды жеке өтініштерімен , қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Ә.Мампаев, Р.Ізтілеуов, Ж.Жарасбаев, Ғ.Байсейтов, Т.Мақаш және Б.Еркебаев қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты және тағы басқа мәселелер көтерілді.
- Мерей мөлтек ауданы аумағында орналасқан Ыдырысов тұйығын асфальттау, кешкі жарық шамдарын орнату және ауыз су қарау құдығының ескірген құбырларын ауыстыру;
- Сәулет мөлтек ауданы, Қарабура көшесіне кәріз су құбырын жүргізу;
- Сырдария мөлтек ауданы, Мамыр көшесіне кешкі жарық шамдарын орнату,
- Уақытша тұратын тұрғын үй алу;
- КБИ тұрғын ауданы, Әулие ата көшесін, Жасыл өлке көшесінен Қызылжарма каналына дейін орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Сабалақ тұрғын ауданын газдандыру мәселелері.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасайтындығын жеткізді.