2025 жылдың мамыр айындағы қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Қабылдау барысында Қызылорда қаласының тұрғыны, еңбек ардагері, білім беру саласында абыройлы қызмет атқарған, А. Қалиәкбарова соғыс жылдары ерекше ерлігімен көзге түсіп, III дәрежелі «Даңқ», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, тағы басқа бірқатар медальдармен, И.В.Сталиннің Алғыс хаттарымен марапатталған Алтынбек Сейдахметұлының ерлігін ескере отырып, осы кісінің есімімен Қызылорда қаласының бір көшесін атау туралы өтінішін білдірген болатын.
Сонымен қатар, қабылдауға келген қала тұрғыны П.Балғабаева Ә.Бөкейхан көшесінің бойындағы ескі автовокзал жанындағы «шайхананы» жалға алып, жұмыс жасап жатқандығын, қазіргі уақытта сол жерге көліктің тоқтауына тиым салынған жол белгісі қойылып, кәсібінің жұмыс жасауына кедергі келтіріп тұрғанын айтып, мәселе көтерді.
И.Құттықожаев қабылдау барысында көтерілген мәселелерге зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында құзырлы мекемелерге хаттар жолданып, атқарылған жұмыстар бойынша қосымша хабарланатынын жеткізді.