
"БОЛАШАҚҚА БАҒДАР" БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ.
Қалалық мәслихатының экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының алдағы уақытта өтетін отырысында «Жастарды қолдау және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шаралардың Қызылорда қаласында жүзеге асырылуы туралы» мәселесі қаралуы жоспарлануда.
Осы ретте, күн тәртібіндегі мәселе аясында жастардың жұмыспен қамтылуы мәселесін алдын-ала зерделеу мақсатында, биылғы жұмысшы мамандықтар жылына орай 21 мамыр күні «НҰРСӘТ» теннис орталығында өткен "БОЛАШАҚҚА БАҒДАР" бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.
Іс-шараны ұйымдастырушы- Қызылорда Қаласының Мансап Орталығы.