
Хабарландыру
Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті 53-сессиясы 2026 жылғы 17 маусым, сағат 11.00-де Қызылорда қалалық мәслихатының (Ы.Жахаев көшесі, №16) мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:
1. Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын шараларды іске асыру бойынша әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы жандарға көмек көрсету және оларды жұмыспен қамтудың жай-күйі туралы.
2. Қызылорда қаласының, кент және ауылдық округтердің 2025 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептерді бекіту туралы.
3. «Қызылорда қаласының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №112-13/1 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы.
4. Қосымша мәселелер.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 17 маусым, сағат 10:00-де өткізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихаты