Меню
Страницы

ХАБАРЛАМА Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларынан шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау өткізу туралы

ХАБАРЛАМА   Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларынан шығып қалған мүшелерінің орнына  сайлау өткізу туралы

ХАБАРЛАМА 
Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі
округтік сайлау комиссияларынан шығып қалған мүшелерінің орнына
 сайлау өткізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі төмендегі округтік сайлау комиссияларында қалыптасқан бос орындарға сайлау өткізетіндігі туралы хабарлайды:

№  2 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 1;

№  6 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 5;

№  7 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 1;

№10 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 3;

№12 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 1;

№13 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 2;

№14 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 1;

№20 округтік сайлау комиссиясындағы бос орын – 1;

   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес, округтік сайлау комиссияларындағы бос орындарға саяси партиялардан, өзге де қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен және жоғары тұрған сайлау комиссиялардан ұсыныстар қабылданады. Саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.    
   Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиясы               2026 жылғы 12 маусымға дейін Қызылорда қалалық мәслихатына келесі құжаттарды тапсырады:   

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші.

   Округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

   Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

   Округтік сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау              2026 жылғы 19 мамырға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін.

   Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қаралмайды.

   Қалалық мәслихаттың орналасқан жері: Қызылорда қаласы Ы.Жахаев көшесі, 16.

   Жауапты тұлға – ​​ Мұхтаров Мұрат Абдуллаұлы, қызм.бөлме № 3, қалааралық телефон коды (87242), қызметтік 27-42-07, 27-46-03, ұялы телефоны: 87028348007,  электрондық пошта мекенжайы: kalalik-maslihat@mail.kz

 

Қызылорда қалалық мәслихаты

 

Бос орындар қалыптасқан қалалық округтік сайлау комиссиялары  

 

№ р/с

 

Округтік сайлау комиссияның

нөмірі

 

Сайлау комиссиясы объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы, орналасқан жерінің

мекен жайы

 

Бос орын

 
 
 

1

2

3

4

 

 

 

1

 

2

Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Т.Камалов көшесi №39а

 

1

 

2

 

6

Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Т. Рысқұлов атындағы №222 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, С.Торайғыров көшесi, №264

 

5

 

3

 

7

Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Байұзақ Ермекбаев атындағы №271 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Қорқыт Ата" шағын ауданы, Ш. Қалдаяқов көшесі, құрылыс № 10а

 

1

 

4

 

10

Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Темірбек Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Ақмешiт" шағын ауданы, құрылыс № 35

 

3

 

5

 

12

Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Жанәбіл Нұрманов атындағы №198 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ғ.Мұратбаев көшесi, №11

 

1

 

6

 

13

Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "И.В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Е.Әуелбеков көшесi, №10

 

2

 

7

14

Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ғани Мұратбаев атындағы № 171 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ә.Қоңыратбаев көшесi, № 22

 

1

 

8

20

Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, С.Бейбарыс көшесi, ғимарат №5

 

1

 

Нысан

_____________________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

төрағасына

  _________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

__________________________________________________________

                                                                                         (облыс,  Қызылорда қ,.

____________________________________________________ тұратын

елді мекен, көше, үй, пәтер)

______________________________________________________

(ұялы телефондардың нөмірлері)

 

Өтініш

 

Мен,__________________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

_____________________________________________________________________________________

      (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)

 

ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, №______  округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.

Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________

( иә, ___ жыл/ жоқ)

Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

 

2026  жылғы «____»____________                                        _________________________

                        (өтініш берушінің қолы)

 

Өмірбаяндық деректер:

 

Туған күні     _____     жылғы «____» _______________

Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________

Білімі   _____________________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________

Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________

Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

  Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.

 

Ескертпе:

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

Өтінішке қосымша

Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

р/б

Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты

(болған кезде)

ескертпе

1.                    

 

әкесі

2.                    

 

анасы

3.                    

 

ұлы

4.                    

 

қызы

5.                    

 

ағасы

6.                    

 

әпкесі

7.                    

 

атасы

8.                    

 

әжесі

9.                    

 

немересі

10.                

 

жұбайы (зайыбы)

 

 

 

 

 

 

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты