
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 52-сессиясы 2026 жылғы 29 сәуір, сағат 10:30-да Қызылорда қалалық мәслихатының (Ы.Жахаев көшесі, №16) мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселе қаралады:
«Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63-8/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 29 сәуір, сағат 10:00-де өткізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихаты