Барлық саяси партиялардың филиалдарына және қоғамдық бірлестіктерге, олардың құрылымдық бөлімшелеріне!
2025 жылғы маусым айының 2-не дейін аудандық мәслихаттың жұмыс тобына Науырзым ауданының № 1, № 2 округтік және № 656, № 657, № 870 учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып қалған мүшелердің орнына тиісті мәслихатқа сайлау комиссиялардың құрамдарына қосу үшін үміткерлердің тізімін бекітілген нысан бойынша жіберуі қажет: сайлау комиссиясының атауы, нөмірі, комиссияның мекен орны, үміткердің аты-жөні, тегі, туған жылы, айы, күні, ұлты (үміткердің қарауынша), білімі, маманы, жұмыс орны, қызметі, қызметтік телефон нөмірі, үйдің мекен-жайы, пәтер нөмірі, телефон нөмірі, саяси партияның немесе қоғамдық ұйымының мүшелілігі (үміткердің қарауынша) және отбасы жөніндегі мәлімет.
Осы кұжаттарда саяси партияның немесе басқа қоғамдық бірлестігі басшысының, немесе олардың құрылымды бөлімшелері басшыларының, және құрылып жатқан комиссиядан жоғары тұрған комиссия төрағасының қолдары болуы керек.
Жоғары көрсетілген нысанға қоса тапсырылады:
Саяси партияның немесе басқа қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымды бөлімшелерінің отырыс хаттамасынан үзінді, сонымен қатар тиісті сайлау комиссиясының отырыс хаттамасынан үзінді.
Саяси партияның немесе басқа қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымды бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттардың көшірмесі.
Үміткердің сайлау комиссиясының жұмысына қатысуына тиісті мәслихат хатшысының атына келісім туралы арызы, қосымша үміткердің төл құжатының көшірмесі қажет.
Анықтама телефондары: (8-714-54) 21-201, 21-555, Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі, 1, № 200 кабинет.