«Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама

«Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17 және 18-баптарына сәйкес «Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы»
тақырыбында қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 23 ақпанда сағат 10:00-де мына мекенжайда өтеді: Наурызым ауданы, Қараменді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі, 1-үй, 3-қабат, мәжіліс залы.Ұсыныстар мен ескертулер жазбаша түрде
2026 жылғы «23» ақпанға дейін келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: naurzum_maslihat@mail.kz.

Қоғамдық тыңдаулар келесі мәселені талқылау мақсатында өткізіледі:
Наурызым ауданы әкімдігінің «Наурызым сервис» ЖШС объектісін коммуналдық меншіктен бәсекелестік ортаға беру.

Қоғамдық тыңдауларға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Анықтамалар мен қатысуға өтінімдер келесі телефон арқылы қабылданады:
8 (714-54) 21-201