Поздравление с праздником Наурыз

Поздравление с праздником Наурыз

Көктемнің жарқын жыл басы мерекесі қарсаңында Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты баршаңызды Наурыз мейрамымен шын пейілден құттықтайды. 

Наурыз - тіршілік жаңаратын, ақ молаятын, жарық ұзаратын, нұр молығатын, көңіл кеңейетін, келісім орнайтын кезең. Біздің еңбегіміз бен мемлекет игілігіне қызметіміз, бірлік пен өркендеуге деген ұмтылысымыз Наурыз мерекесінің өміршең мақсаттарымен сәйкес келеді.

Әз Наурыз қоғамға жаңа тыныс, жаңа жетістіктер, бейбіт өмір мен келісім, әр отбасына шаттық және мол ырыс, әр адамға денсаулық, күш-қуат әкелсін. Ел болашағы мен халық игілігі жолындағы еңбегіміз табысты болсын. Жасампаз Қазақстанның мәртебесі игі дәстүрлермен асқақтап, жылдан жылға алға баса берсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!