Аудандық мәслихаттың қырық екінші сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың қырық екінші сессиясы өтті

2026 жылғы 15 шілде Е.Ж. Бәкіровтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымның кезектен тыс қырық екінші сессиясы өтті.

  Күн тәртібіне сәйкес депутаттар келесі мәселелерді қарап, шешімдер қабылдады:

  1. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының депутаты Айзада Нұрланқызы Рахметованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және оны Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы қызметінен босату туралы.
  2. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы болмаған кезеңде сегізінші шақырылым мерзімі аяқталғанға дейін оның өкілеттігін уақытша жүзеге асыратын депутатты айқындау туралы.
  3. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2026 жылғы 8 мамырдағы № 39-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

      Күн тәртібінде көзделген мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.