
2026 жылғы 26 мамырда өткен кезекті сессияның жұмысына ауданның мемлекеттік органдарының басшыларынан басқа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Абзал Қарабеков (ZOOM платформасы арқылы) қатысты.
Ауданның, Булаев қаласының және ауданның ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы мәселелер қаралды. Абзал Ерұланұлы депутаттарды Мағжан Жұмабаев ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы хабардар етті. Аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша депутат Нұржанат Шәрімов қорытынды жасады.
Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының аудан, Булаев қаласы және ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылауға, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын өзгертуге қатысты кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер сессияның қарауына енгізілді.
Күн тәртібінде көзделген мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.