2026 жылғы 31 наурызда сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың отыз сегізінші кезекті сессиясы өтті.
Мәслихат төрағасы Айзада Рахметова «Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2025 жылғы қызметінің қорытындылары туралы» есеп берді.
«Мағжан Жұмабаев ауданында 2026 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және өткізу барысы туралы» сұрақ бойынша ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрыбек Хайыржанов және Булаев қаласының әкімі Азамат Бірімжанов баяндады.
Сонымен қатар: 2026-2028 жылдарға арналған Мағжан Жұмабаев ауданының, ауылдық округтердің және Булаев қаласының бюджеттеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
аудан әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың, ауданның учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы сұрақтар қаралды. Аудан әкімдігінің жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның құрамы, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілді.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Аудандық мәслихат сессиясының жұмысы Facebook желісі арқылы тікелей көрсетілді: