Состоялось совместное заседание постоянных комиссий районного маслихата

Состоялось совместное заседание постоянных комиссий районного маслихата

Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында келесі сұрақтар қаралды:

- Мағжан Жұмабаев ауданында 2025 жылғы бюджеттік салық түсімдерінің орындалуы және 2026 жылға арналған салық базаларын кеңейту мәселелері туралы.

- Мағжан Жұмабаев ауданында 2026 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және өткізу барысы туралы.

Бірінші сұрақ бойынша депутаттар ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Сергей Макеевті тыңдап, тұрақты комиссиялардың бірлескен қаулысын қабылдады.

Екінші сұрақ бойынша ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрыбек Хайыржановтың және Булаев қаласының әкімі Азамат Бірімжановтың ақпараттары тыңдалды. Талқылағаннан кейін мәселені сессияның бекітуіне жіберу туралы бірлескен қаулы қабылданды.