Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді

Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді

2026 жылғы 13 ақпанда Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

  1. Мағжан Жұмабаев аудандық филиалының «Мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық құжаттардың көшірмелері немесе мұрағаттық үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша 2025 жылғы жұмысы туралы.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ мемлекеттік қызмет көрсетуі және қызметі туралы.
  3. «Булаев орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы жұмыс қорытындысы туралы.
  4. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы.

Қарастырылып отырған мәселелер бойынша сөз сөйледі:

Әбілмәжінов Төлеген Әлжанұлы - Мағжан Жұмабаев ауданы мұрағатының директоры;

Мұстафин Қайрат Амангелдіұлы - ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы;

Серебренников Георгий Евгеньевич – «Булаев орман шаруашылығы» КММ орманды молықтыру және орман өсіру инженері.

Отырыс барысында баяндамалар тыңдалды, мемлекеттік қызметтер көрсетудің өзекті мәселелері талқыланды, проблемалық мәселелер қаралды, мекемелердің 2025 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес тиісті ұсынымдар қабылдады.