Ауылдық округтер мен Булаев қаласының бюджеттеріне өзгерістер енгізілді
2026 жылғы 12 ақпанда сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың отыз жетінші кезектен тыс сессиясы жалғастырылды. Депутаттар Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық округтерінің және Булаев қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарады. Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.