2026 жылғы 9 қаңтарда Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Рахат Смағұлов аудандық мәслихаттың отырысында «Мағжан Жұмабаев ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» есепті ұсынды.
Өз есебінде Рахат Назымбекұлы ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі жетістіктеріне назар аударды. Ауданда халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда: тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда, автомобиль жолдары жөнделуде, сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылуда.
Жергілікті атқарушы органдар қызметінің басым бағыттары болып қалатын білім беруді, денсаулық сақтауды, мәдениет пен спортты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс барысында мәслихат депутаттары аудан тұрғындарының өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Осы мәселелерді талқылау қойылған міндеттерді орындау бойынша одан әрі жұмыстың басымдықтарын нақтылауға мүмкіндік береді.
Күн тәртібі мәселесі бойынша депутаттар тиісті шешім қабылдады.