2025 жылғы 29 желтоқсанда аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өткізілді. Күн тәртібіндегі «2026-2030 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының даму жоспарын бекіту туралы» сұрақ бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Қыраубаев сөйледі.