Аудандық мәслихаттың VIII шақырылымының XXXII кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың VIII шақырылымының XXXII кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымының отыз екінші кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысы басталар алдында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Юрий Портнягин қосымша сайлау қорытындылары туралы ақпарат беріп, №10 сайлау округі бойынша жаңадан сайланған депутат — Қайнолла Тоқаұлы Сматовты таныстырды.

Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Рахат Смагұлов пен аудандық мәслихаттың төрайымы Айзада Рахметова Қайнолла Тоқаұлын депутат болып сайлануымен құттықтап, ел игілігі жолындағы депутаттық қызметіне сәттілік тіледі.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1️ Аудан, ауылдық округтер мен Булаев қаласының бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы;

2️ Медвежка ауылын Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының бөлігіне қайта құру және Булаев қаласының шекарасын өзгерту туралы;

3️ Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 30 наурыздағы №1-5 «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.