Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2025 жылғы 11 қарашада өткізіледі.
Сессияның отырысы FAСEBOOK (ФЕЙСБУК) сайтында көрсетіледі.
Отырыстардың күн тәртібіндегі сұрақтар:
- Мағжан Жұмабаев ауданының, ауылдық округтердің және Булаев қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 14-22 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тұрғындар үшін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.