Аудандық мәслихаттың отыз бірінші сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың отыз бірінші сессиясы өтті

Бүгін сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың отыз бірінші сессиясы өтті.  

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

- Білім беру мекемелерінің 2025–2026 оқу жылына дайындығы;

- Ауданның, ауылдық округтердің және Булаев қаласының бюджеттеріне өзгерістер енгізу;

- 2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару жоспарын бекіту;

- Сулышоқ ауылындағы көшелерді қайта атау.

Сондай-ақ аудан әкімдігі жанынан құрылған кейбір комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.