Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында келесі сұрақтар қаралды:
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 27-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Ауылдық округтер мен Булаев қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша депутаттар экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Краубаевты тыңдады. Талқылағаннан кейін қаралған мәселелерді сессияның бекітуіне жіберу туралы қаулы қабылданды.