«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты шығып кеткендердің орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жыл.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер (хабарға 1-қосымша);
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (хабарға 2-қосымша);
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiктің аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден бастап жұманы қоса сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.
Мәслихаттың орналасқан жері: СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы Рахметова Айзада Нұрланқызы.
Материалдарды жинауға жауапты тұлға - Аюпова Гүлжан Ескенқызы, аудандық мәслихат аппаратының басшысы, байланыс телефондары: 8 (71531) 21147, 8(71531)21996, электрондық пошта: Zhum_amr@mail.kz.
Аудандық мәслихат учаскелік сайлау комиссияларының
бос орындарына мүшелерді сайлайды:
р/с № |
Сайлау комиссиясының нөмірі |
Сайлау комиссиясының мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің бос орнының саны |
1. |
209 |
Достық а., Мир көш., 12, Достық ауылы мектебінің ғимараты |
2 |