АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Кезекті 29-шы сессияның жұмысына ауданның мемлекеттік органдарының басшыларынан өзге Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Абзал Қарабеков қатысып, депутаттарға 2024 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепке  ақпарат берді.

 2024 жылғы Булаев қаласы мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамы туралы, аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 22-1 «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Мағжан Жұмабаев ауданы Ноғайбай би ауылдық округінің Бинаш ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы мәселелер қаралды.