2025 жылғы 9 маусымда аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Күн тәртібінде
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2025 жылғы бірінші қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейінгі мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы» мәселе қаралды.
Қоғамдық кеңестің отырысына қатысқандар:
Әсел Оралтайқызы Әубәкірова - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы;
Тұяқова Роза Рысбайқызы - Мағжан Жұмабаев аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
Мәселені тыңдау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес ұсынымдар берді.