Депутаттардың және тұрғындардың назарына!
2025 жылғы 10 маусым сағат 11:00-де сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өткізіледі. Сессияның отырысы FAСEBOOK (ФЕЙСБУК) сайтында көрсетіледі.
Күн тәртібіндегі сұрақтар:
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 27-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
- Ауылдық округтердің және Булаев қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 13-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.