2025 жылғы 19 мамырда Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Авангард, Аққайың, Алтын дән, Бәйтерек, Бастомар, Возвышен, Қарақоға, Конюхов, Лебяжье, Мағжан, Молодогвардейское, Ноғайбай би, Полудин, Таман, Ұзынкөл, Успенка, Чистов ауылдық округтерінің 2024 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы мәселелерді қарау бойынша сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Депутаттар аудан және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы әкімдердің есептерін тыңдап, талқылады. Талқылаудан кейін депутаттар осы мәселелерді мәслихат сессиясын бекітуге жіберу туралы қаулы қабылдады.