Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3- тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес:
1. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясы 2025 жылы 29 мамырына шақырылсын.
2. Сессия Қандыағаш қаласы, Мұғалжар аудандық әкімдігінің ғимаратында сағат 10:00-де өткізілсін.
3. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
1) «2025-2027 жылдарға арналған барлық қалалар мен ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»;
2) Басқа да мәселелер.
4. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары шақырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы К. Ермағамбетов