Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің назарына

Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық  бірлестіктердің, олардың құрылымдық  бөлімшелерінің  назарына

 Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық

бірлестіктердің, олардың құрылымдық

бөлімшелерінің  назарына

 

 

Мойынқұм аудандық мәслихатының

ХАБАРЫ

 

            Мойынқұм аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық, облыстық және аудандық мәслихаты депутаттарын сайлауы жөніндегі округтік және учаскелік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру жөнінде хабарлайды.

 

 

р/с

Комиссия атауы және мекен-жайы

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1.

№1 сайлау округі (Айдарлы ауылы, Биназар көшесі №48, №2 орта мектебінің ғимараты)

1

2.

№2 сайлау округі (бірлік ауылы, Амангелді №1, Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің ғимараты)

 1

3.

№3 сайлау округі (Көкжелек ауылы, Сырғабаев көшесі №1, Б.момышұлы атындағы орта мектебінің ғимараты)

 1

4.

№9 сайлау округі (Хантау ауылы, Биназар көшесі №5, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ғимараты)

1

5.

№10 сайлау округі (Шығанақ ауылы, Абай көшесі №16. Шығанақ орта мектебінің ғимараты)

1

6.

№11 сайлау округі (Мыңарал ауылы, Садықов көшесі №8, Қ.Қасымов атындағы орта мектебінің ғимараты)

1

7.

№306 сайлау учаскесі (Айдарлы ауылы, Биназар көшесі №48, №2 орта мектебінің ғимараты)

1

8.

№309 сайлау учаскесі (А.Назарбеков ауылы, Биназар көшесі №12, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің ғимараты)

1

9.

№315 сайлау учаскесі (Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №112, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің ғимараты)

1

10.

№316 сайлау учаскесі (Қылышбай ауылы, Төлепбергенов көшесі №9, Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің ғимараты)

2

11.

№318 сайлау учаскесі (Қарабөгет ауылы, С.Сейфуллин көшесі №9, ауылдық клуб ғимараты)

1

12.

№319 сайлау учаскесі (Сарыөзек ауылы, Қуанышбаев көшесі №54 б, Қ.Сатпаев атындағы орта мектебінің ғимараты)

4

13.

№327 сайлау учаскесі (Ақсүйек ауылы, Кеншілер көшесі №29, №1 орта мектебінің ғимараты)

2

14.

№482 сайлау учаскесі (Бірлік ауылы, Исабеков көшесі №18, ауылдық клуб ғимараты)

1

15.

№483 сайлау учаскесі (Мойынқұм ауылы, Омарова көшесі №39  ауылдық клуб ғимараты)

1

16.

№484 сайлау учаскесі (Шығанақ ауылы, Сейфулина көшесі №1б, кітапхпна ғимараты)

1

17.

№488 сайлау учаскесі (Станция Мыңарал, Жакметова көшесі №5, Мыңарал орта мектебі)

1

Барлығы

22

 

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары
            2025 жылғы 20 қаңтарынан 3 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер (2-қосымша);

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (1-қосымша).

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері Мойынқұм ауданық мәслихаты сайтында СІЛТЕМЕ орналастырылған.

            Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

            Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 20 қаңтардан 3 ақпанға дейін  дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.

Мойынқұм аудандық мәслихатының төрағасы Н.Ұ.Саурықов

Мәслихаттың орналасқан жері: Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, №147.

Жауапты адам – Алипбеков Уланбек Ерболатұлы, каб. қызметтік телефоны: 8(72642) 2-12-31, ұялы телефоны: 8 776 670 55 54, электрондық пошта мекенжайы: maslihat_7@mail.ru

 

           1 2