Сегізінші шақырылған Меркі аудандық мәслихатының кезекті 42-ші сессиясы 2025 жылдың 14 мамыры күні сағат 11:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында келесі күн тәртібімен өтетінін хабарлайды:
1.2024 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы;
2.«Ауылда денсаулық сақтауды» жаңғырту ұлттық жобасының Меркі ауданы аумағында іске асыру барысы мен денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыру бағытында 2024 жылы және есепті мерзімде атқарылған жұмыстар туралы;
3.Әр түрлі мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы аудан әкімдігінің мәжіліс залында 2025 жылдың 14 мамыры күні сағат 10:00-де өтеді.
Аудандық мәслихат аппараты